Рухани жаңғыру

Жапондық ғалымдар Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге мүдделі

Орал қаласында Алаш қозғалысының 100 жылдығына байланысты "Алаштан Тəуелсіздікке жəне Қазақстанның ұлттық бірігуіне" атты халықаралық конференция басталды. Конференцияда Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан ғалымдары баяндама жасауда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 24 Қазан, 11:34

«Алаш идеясы қазіргі Қазақстанның даму бағытымен өзектес.Тарихи тұлғаларымыз мен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу бағытында іс-шаралар жүргізілуде. Елбасының рухани жаңғыру идеясына сəйкес, облысымыздағы 6 тарихи орын Қазақстанның сакральды жерлерінің тізіміне енді. Олардың қатарына Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Жұмағазы хазірет қорымы, Сырым ауданындағы Алашорда музейі, Теректі ауданындағы Тақсай кешені енді.  Алаш қозғалысына 100 жылдығына байланысты жан-жақты зерттеу жұмыстары қолға алынуда», - деді конференцияның маңыздылығына тоқталған облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Жапониядағы Хоккайдо университетінің славьян-евразиялық зерттеу орталығының профессоры, доктор Уяма Тамахико Алаш автономиясының құру идеясына тоқталса, РҒА Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, заң ғылымдарының доктор Василий Христофоров Алаш қозғалысының кеңестік "Шығыс" ұлттық ұйымымен байланысын баяндады.

Конференцияда ғалымдар зерттеу жұмыстарының жаңа нəтижелерін ортаға салады деп күтілуде жəне олармен бірге жергілікті өлкетанушылар, ардагерлер жəне ЖОО оқытушылары мен студенттері Алашорда үкіметінің методологиялық ұстанымдарына қатысты зерттеудің, тарихи жылнаманың, деректанудың өзекті мəселелерін талқыламақ.

Конференция ертең Ресейдің Орынбор қаласында жалғасады.

 

 

 





Яндекс.Метрика