Рухани жаңғыру

Павлодар облысында киелі жерлерге экскурсиялар жасалды

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Қасиетті жерлерге саяхат» акциясы аясында күзгі екі айда 19 қалалық мектеп пен 5 ауыл колледжінің 218 оқытушысы мен 2766 студенті облысымызда қасиетті жерлерге бірегей экскурсиялар жасады.
Павлодар24 Қазан , 11:16

Облыс әкімдігі хабарлағандай, ауыл колледждерінің студенттері облыс аудандарында орналасқан келесі қасиетті орындарға, атап айтқанда, Май ауданындағы Қалбасын мұнарасына, Ақтоғай ауданындағы Естай Беркімбаевтың және Бекбау ата Жәнібекұлының жатқан жерлеріне, Успен ауданындағы Ғабдыл-Уахит Тіленшіұлының, Ертіс ауданындағы Таймас әулие кесенесіне барды.

Экскурсиялар барысында жастар Мәңгі алау жанындағы Даңқ обелискіне, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалға, 30-жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке де барып қайтты.

Аталмыш акция қазанның соңына дейін жалғасады. Қасиетті жерлерге барғанда жасалған суреттер әлеуметтік желілерге салынатын болады.




Яндекс.Метрика