Рухани жаңғыру

Айман Мұсақожаева Канаданы қайта бағындыруда

Торонтода Қасиетті Үштік шіркеуінің готикалық ғимаратының органдық залында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның концерті өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 24 Қазан, 10:59

Страдиваридің ғажайып үнің есту үшін саясаткерлер мен іскерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, журналистер, қазақстандық диаспора өкілдері келді.

А.Мұсақожаева И.Брамс, Л.Бетховен, Ж.Массне, К.Сен-Санс және т.б. композиторлардың әлемдік классика туындаларын орындады. Залдың бірегей акустикасы тыңдармандарға қазақстандық приманың ерекше шеберлігін толығымен бағалауға мүмкіндік берді.

Маэстроны таныстыра отырып, Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов бұл А.Мусақожаеваның Үйеңкі жапырағы еліндегі бірінші концерті еместігін атап өтті. Ағымдағы жылы сәуірде ол Канада Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында біздің елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай концерт берген болатын.

 ҚР мен Канада арасындағы парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі сенатор Виктор Оу атап өткендей, ол А.Мұсақожаеваның сәуірде Оттавада өткен концертіне бара алмады, сондықтан Торонтодағы концертке қатысу мүмкіндігіне риза болды. Канадалық парламентарий қазақстандық скрипка шебері Канадаға келесі жылы күзде жоспарланып отырған Қазақстанның мәдениет күндері аясында қайта келетініне үміт артты.

 





Яндекс.Метрика