Рухани жаңғыру

Қызылордада камералық оркестр классикалық музыка маусымын ашты

Облыстық филармония Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде камералық оркестрдің концертін ұйымдастырды.
Қызылорда24 Қазан , 09:13

Камералық оркестр «Құрмет» ордені және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері  Кеулімжай  Ботабаевтың  дирижерлауымен әлемдік классикалық музыканттар В.Моцарт,  И.Бах,  шет ел және қазақ композиторлары А.Пьяцолло, Г.Динику, Д.Пуччини, Л.Андерсон А.Серкебаев,  Л.Хамиди, Х.Сетековтардың  шығармаларын орындады.

Оркестр солисті Мақсат Мақұлбеков Д.Пуччинидің «Турандот» операсынан Калафтың ариясын орындаса, Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін  Сыр бұлбұлы Самал Байсейтованың  орындауында  көрермендер тамсана тыңдады.

Мұндай өнер кештерін филармония ұжымы жиі өткізіп тұрады.

Жаңа маусымды осы оркестрдің концертімен бастаған  өнерпаздар бұл жолы да келушілерін таң-тамаша етті. 

 




Яндекс.Метрика