Халықаралық интеграция

Ресей Қазақстанда Ми-8 тікұшақтарын құрастыруды бір жолға қояды

«Вертолеты России» холдингі, «Қазақстан инжиниринг» компаниясы және №405 авиажөндеу зауыты меморандумға қол қойды, құжат Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын құрастыруды көздейді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Казахстан 23 Қазан, 18:29

«Біздің Қазақстандағы серіктестеріміз ос ы елде 2017-2025  жылдар аралығында тікұшақ құрастыру өндірісін бір жолға қою туралы ұсыныс білдірді. Қазіргі таңда біз бұл мүмкіндікті қарастыру және тапсырыс берушінің талабына орай тікұшақты  өзгерту туралы келістік», – деді «Вертолеты России» холдингісінің бас директоры  Андрей Богинский.

Меморандум тікұшақтардың өмірлік жүйесін ұйымдастыру мүмкіндіктерін  және 2025 жылға дейін  45 тікұшақ жиынтығын жеткізуді көздейді.

Бұдан басқа, тараптар жыл соңына дейін  алғашқы үш тікұшақ жиынтығын жеткізу туралы келісім жасасуды жоспарлауда. Ал, келер жылдың басында барлық жиынтық көлемі бойынша келісім жасалатын болады. 





Яндекс.Метрика