Үкімет

Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ-ның бас хатшысымен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 15:59

Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бастап Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елі қатысушылары болып табылатын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы аясындағы негізгі мақсаттар:ЭЫДҰ экспорттық әлеуетін тарту арқылы ҚР экономикалық өсімін қамтамасыз ету, ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске асыру арқылы ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру;ҚР-ның ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындауы және келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.

 





Яндекс.Метрика