Халықаралық интеграция

Пәкістанның әскери делегациясы ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің жұмысымен танысты

Пәкістан Ислам Республикасының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетіне барды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 18:43

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Пәкістан Ислам Республикасы стратегиялық зерттеулер және талдау институтының директоры көш бастаған Пәкістанның әскери делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Сапар барысында Пәкістан әскери қызметшілерінен құралған делегация университеттің оқу-материалдық базасымен танысып, Үндістан мен Қытай әскери өнер аудиториясына, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының, Шекара қызметінің факультеттеріне барды.

Кездесу аясында Пәкістан Ислам Республикасының стратегиялық зерттеулер және талдау институтының директоры генерал-майор Мұхаммад Самрез Салик «Таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ерекшеліктері. Пәкістандық армияның тұрақсыз құралымдардың әскери операцияларындағы тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды.

 





Яндекс.Метрика