Басқару

К. Мәсімов Президентке ҰҚК қызметі туралы баяндады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 15:09

Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді.

"Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді", – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.




Яндекс.Метрика