Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері қандай келісімге келді

Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаковтың сапары туралы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 14:43

«Екі үкімет басшыларының арасындағы кездесу ресми деңгейде де және мазмұны жағынанда жоғары деңгейде өтті. Бішкектен келген делегация құрамы өте салмақты болды, қазақстандық тарап кейіннен таныстырылды. Қол қойылған хаттамаға сәйкес Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерінің бірінші орынбасарлары бастаған жұмыс тобы құрылып, оларға бес күннің ішінде сәйкесінше жол картасын жасақтау тапсырылды», - деп түсіндірді сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Қайрат Абдрахмановтың айтуынша, келіссөздер құрылымдық тұрғыда өтті.

«Барлық мәселелер талқыланды, оның ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайда назардан тыс қалмады. Қазақ тарапы кезекті түрде бірнеше жыл қатарынан көтеріп келе жатқан мәселені қозғады, дәлірек айтсақ Қырғызстан арқылы ЕАЭО елдеріне өтетін ҚХР тауарларының «сұр» импорты мәселесін көтерді», - деді Қ. Абдрахманов.

Министрдің айтуынша, Қырғызстанда қазақстандық тауарларға қатысты қойылған шектеулерде қаралды.  

«Қазақстаннан келетін тауарларды Қырғызстанның кері экспорттауы, қазақстандық тауарларды Қырғызстанның үшінші мемлекетке рұқсатсыз экпорттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 18 қазанда қол қойылған хаттаманы орындау мәселесі де қаралды», - деп атап өтті ол.   

Қайрат Абдрахмановтың хабарлауынша, екі елдің  премьер-министрлері Ереванда өтетін  ЕАЭО елдері үкімет басшыларының отырысы аясында тағы бір рет кездесетін болады.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика