Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Р. Скляр: Жыл соңына дейін 99 мың тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл тұрғын үйлер толық пайдалануға берілетіндігі туралы Үкімет отырысында «Strategy2050.kz» АА тілшісінің сұрағына Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр жауап берді.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 14:29

« «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  жоспарда  10 млн  100 мың шаршы метр тұрғын үй  жыл соңына дейін пайдалануға берілуі керек.  Бүгінгі таңда  министр Жеңіс Қасымбек  9 айдың қорытындысы бойынша  аталмыш сан  7 млн 900 мың шаршы метрді құрағанын айтты.  Жыл соңына дейін  біз бұл көрсеткіштерге жетеміз, 99 мың тұрғын үй мен 10 млн шаршы метр баспана болады», - деді Роман Скляр.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 9 айдың  қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 69,9 мың тұрғын үй немесе 9 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылғандығын айтты.

 

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика