Үкімет

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің жүк айналымы 2020 жылға дейін 33 млн тоннаға жетеді

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Үкімет отырысының қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транзиттік дәлізінің басымдықтары туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 14:23

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі ҚХР-дан біздің елімізге, Орталық Азия елдеріне, Ресейдің батыс өңірлеріне және одан әрі Еуропаға тауарларды тасымалдаудың ең қысқа бағдарын қамтамасыз етеді. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомобиль жолдарының ұзақтығы бізідң еліміз бойынша 2787 км құрайды. Біз ағымдағы жылы осы дәліз бойынша барлық қажетті жұмыстарды толығымен аяқтадық. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүкті Қытайдың орталық провинцияларынан Санкт-Петербургке дейін жеткізу мерзімі 10 күннен аспайды, ал теңіз жолымен 45 күнде жеткізіледі», - деді Роман Скляр.

Вице-министр "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" құрылысына қатысқан елдер алатын басқа да басымдықтар туралы айтып берді.  

«Мысалы, біздің елімізде дәліз халық саны 5,5 млн-ға жуық адамды құрайтын 200 елді мекенді қамтиды. Әрине, транзиттік әлеуетті күшейтуден басқа, біз ішкі әсерге де ие болдық. Егер 2009 жылы осы бағдар бойынша 160 мың тонна жүк транзитпен өтсе, қазір бұл сан 600 мың тоннаға жақын. Осы дәліз бойынша жүк айналымы 2009 жылы  13 млн тоннаны құраған, ал 2020 жылы біз 33 мың тоннаға жетуді жоспарлап оырмыз. Бұл, әрине, біздің еліміз үшін де және көрші елдер үшін де едәуір экономикалық әсер береді», - деп қорытындылады вице-министр.        

 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика