Үкімет

Көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қаражат толық игеріледі

Үкімет отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысының 9 айындағы жұмысы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 11:46

«Республикалық маңыздағы 22 негізгі автожол жобасын іске асыруға биыл 259,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 1 қазандағы жағдай бойынша 150,4 млрд теңгесі бөлінген, бүгінде бұл толық көлемде игерілген. Бұдан өзге, 96,4 млрд теңге сомасындағы ХҚҰ займдары қосымша тартылған, бүгінде оның 27 млрд теңгесі игерілген», - деді Т.Сүлейменов.

Министр көлемді жобаларға да тоқталып өтті. 2017 жылы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының құрылысына 7,7 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

«Бүгінде газ турбиналы электр станциясы жобасы бойынша негізгі технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру кестеге сәйкес жүргізілуде», - деді министр.

 Кәсіпкерлік нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге Ұлттық қор қаражатынан 10 млрд теңге бөлінген.

«Аталған бағыт аясында министрлік өңірлермен бірлесіп, Қаржыландыру жоспарын қайта қарау жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған барлық қаражат қараша айына ауыстырылды. Бұл қаражаттардың игерілмей қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Т. Сүлейменов. 

2017 жылы білім беру саласының инфрақұрылымын дамытуға Ұлттық қор қаражатынан 109 білім беру нысанының құрылысына 71,7 млрд теңге қарастырылған, биыл оның 76 нысанын пайдалануға беру көзделіп отыр. 

2017 жылы жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің жүйесін жаңғыртуға Ұлттық қор қаражаттарынан 53 млрд теңге қарастырылған, бұл 700 шақырымға жуық желіні салып, реконструкциялауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін   Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  320,7 млрд теңге игерілгендігін айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика