Үкімет

Б.Сұлтанов: «Нұрлы жол» бойынша әр теңгенің жұмсалуы бақыланады

Осы жылдың 9 айында республикалық деңгейде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 320,7 млрд теңге игерілді. Жыл соңына дейін 157 млрд теңгесі игеріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 11:26

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 484,1 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджет есебінен — 164,2 млрд теңге, Ұлттық қордың мақсатты трансферті есебінен — 319,9 млрд теңге қарастырылған.  

«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға — 314,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 203,7 млрд теңгесі немесе есепті кезең жоспарының 100% орындалды. Индустриалды инфрақұрылымды дамытуға бөлінген 17,7 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі немесе жоспар бойынша 100% игерілді.  ТКШ жаңғырту, сумен және жылумен жабдықтау, су тарту желілеріне 53 млрд теңге қарастырылған. 44,8 млрд теңге сомасы немесе жоспардың 99,9% орындалды.  Білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға — мектептердің құрылысына 71,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша өңірлерге 59,5 млрд теңге аударылған, немесе жоспардың 96,7%-ы», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, оның ішінде  4,1 млрд теңгесі орындалды, 302,7 млн теңгесі үнемделіп,  3,8 млрд теңгесі  меңгерілді. Бақыт Сұлтанов  артта қалған өңірлерді де атап өтті – Маңғыстау облысы, Ақмола облысы және ШҚО мен БҚО.

«Біз игеру қаупін анықтау бойынша сараптама жүргіздік. Қорытындысында  республикалық бюджетті  нақтылау  жобасында  шығын  29,7 млрд теңгеге оңтайландырылды, оның ішінде ИДМ-13,3 млрд теңге, ҰЭМ-16,4 млрд теңге.  Бюджетті нақтылау есебі бойынша жыл соңына дейін  157 млрд теңгені игеру қарастырылған.  Оның ішінде орталық органдар – 136,0 млрд теңгені,  өңірлер  24,2 млрд теңгені   игерулері керек», - деді Б.Сұлтанов.

Ол бағдарлама бойынша игерілмеу қаупі туралы айтып өтті.

 «Республикалық  бюджет бойынша  қауіпті аймаққа  6.9 млрд теңге еніп  тұр. Игеру үшін  ҚДБ қарауына  аталмыш соманы жіберіп, Үкіметтің  қаулысымен бекіткен   жөн.  Жергілікті бюджеттерде  игерілмеу қаупі  2,2 млрд теңгені құрап отыр.  Бұл Маңғыстау облысында  3 білім беру нысаны бойынша жұмыстар жүргізілмеді,  қорытындысында  1 млрд теңге  игерілмейді, Ақмола облысы бойынша  184,7 млн теңге инженерлік  инфрақұрылымды  құс фабрикасына салу сот  істеріне байланысты тоқтатылды», - деді ҚМ басшысы.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, мемлекет бөлген   әрбір теңгені жұмсау қатаң бақылауда.

«Бақылау  мемлекеттік сатып алу мен    мердігерлердің салық төлеуі бойынша  жүзеге асырылуда.  Есептік кезеңде  4 аудиттік бағдарлама  жүзеге асты.  9,9 млрд теңге бюджеттік қаржы қамтылды», - деді министр.

Айта кетейік, Үкімет отырысы кезінде  АШМ бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов  АӨК Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.   

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика