Халықаралық интеграция

ҚР СІМ Қазақстан мен Қырғызстанның келіссөздері бойынша мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан Үкіметінің Қазақстанның көмегінен бас тарту ниеті туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 19:34

«Біз бірқатар БАҚ-та жарияланған Қырғызстан Үкіметінің Қазақстанмен техникалық көмек бөлу туралы келісімінің күшін жою туралы бастама көтеруге ниетті екені жайлы мақалаларға назар аудардық. Бізге қырғыз тарапынан ресми ақпарат түскен жоқ», - деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі аталған мәселе 18 қазан күні екі ел үкімет басшыларының келіссөздері кезінде қозғалмағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бірқатар  қырғыз  ақпарат агенттіктері Қырғызстан үкіметі елдің парламентіне Еуразиялық экономикалық интеграция шарттарындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою туралы заң жобасын жібергенін жазған болатын.

 




Яндекс.Метрика