"100 жаңа есім" тізімі

Еуропалықтар қазақ тілінің латынға көшу бастамасын құптап отыр – Б.Орынбетова (ФОТО, ВИДЕО)

Еуропалықтар қазақ тілінің латынға көшуіне оң қарайды деді el.kz интернет жобасының жетекшісі Бэлла Орынбетова «Стратегия» пікірталас клубында.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 18:19

«Парижде      ruh.kz  жобасы таныстырылды. Әрбір жоба бойынша жеке кітаптардың  мультимедиялық платформасы ретінде ruh.kz   таныстырылды. Шетелдіктер қазақ  жазушыларының бірқатарын біледі. Қазақша туындыларды  франциялық аудармашылар аударады.   Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын оқығандығын  да айтып өтті», - деді Б.Орынбетова.

Сондай-ақ, el.kz интернет жобасының жетекшісі   шетелдіктер  қазақ тілінің латынға көшуіне оң пікірде екенін жеткізді.

«Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне еуропалықтар оң қарап отыр. Олар егер біз   латынға көшетін болсақ, ұлттар арасындағы шекараны жақындата түседі деп ойлайды. Бұл елдерді рухани жақындастырады, байытады. Тамаша бастама екендігін айтты», - деді Б.Орынбетова.

Соңғы ұсынылған  нұсқа бойынша Б. Орынбетова өзінің азаматтық пікірін де білдірді.  

«Латын әліпбиі әлі де пысықталуы керек. Әлі де жобалар болады деп күтімен. Себебі,  арнайы  комиссия бір жыл бойы 100-ден астам  жобаны  қараған болатын. Бүгінде әлі екі жоба ғана ұсынылып отыр», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфирде жүріп жатқан Стратегия пікірталас клубының кезекті шығарылымында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен қазақ мәдениетінің, тарихының жалпы руханиятының таныстырылымы сөз болуда. Бұдан басқа, осы мәдени шара барысында еуропалықтарға және осы Халықаралық ұйымға мүше елдердің назарына ұсынылған қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен терең тарихы да әңгіме өзегіне айналып отыр.

 

Сондай ақ, Қазақстанның 100 жаңа есімін анықтау жұмыстары, Туған жер бағдарламасының жүзеге асырылуы, жалпы рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болуда. 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Азамат Әлиев 

 




Яндекс.Метрика