"100 жаңа есім" тізімі

100 жаңа есім: Қажеттілігі жоғары жандардан 20-ға жуық өтініш келіп түсті (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 18:10

« «100 жаңа есім»  жобасына   дауыс беру үшін,   сайтқа өтіп, қалаған адамға дауыс беру қажет.  Бірақ, дауыс беру  тіркелу арқылы ғана жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы тіркелуге болады. Бұл айқындылық, әділеттілік үшін қолданылған шара.  Халық  18 қарашаға дейін бір ай дауыс береді», - деді Бэлла Орынбетова.

 

 

Оның айтуынша,  «100 жаңа есім»  жобасының жеңімпаздары   анықталған   соң  олар жайлы  фильмдер түсіріледі. Жастармен кездесу өткізіледі.

«Жеңімпаздар  туралы сұқбаттар жасалады. Жастардың алдында   үлгі алатын тұлға  болуы керек. Теледидардан жетістікке жеткен тұлғалардың өмірін, еңбек жолын көрсету жастарға шабыт сыйлап, олардың бой түзуіне әсер етеді.  Олар белгілі дәрежеге  тек  еңбек арқылы  жеткен», - деді ол.

 

 

 

Сонымен қатар,  сайт жетекшісі  жобаға жасы кіші азаматтардың да  қатысуы керектігін түсіндіріп өтті.

«Жастардың да үлкендерге айтары бар шығар. Жасты шектейтін болсақ, біз ересектерді де  қысқартатын едік. Осы жоба басталғалы  қажеттілігі жоғары жандардың белсенділігі арта  түсті. Мүмкіндігі шектеулі жандардан 20 өтініштей келіп түті. Олар да елдің дамуына үлестерін қосып жатыр. Әр сала бойынша өтініштер  саны  әрқалай  бөлінді», - деді Б.Орынбетова.

Сондай-ақ,  «100 жаңа есім» жобасы бойынша өзінің пікірін философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Дархан Жазықбаев та білдіріп өтті.

«Бұл жобада  қолдан жұлдыз жасаудың қажеті жоқ. 100 есімді онлайн дауыс беру арқылы таңдаймыз. Ал ауылдағы адамдар  дауысты қалай береді. 100 есімге өтініш бергендерді биік тұлға деп айтудың қажеті шамалы.  Біз таза  еңбекті ғана бағалауымыз керек. Өз еңбегімен жетістікке жеткен адамдарды насихаттау керек деп ойлаймын. Себебі, бізде көрнекті тұлғаларымыз бар.  100 есім сөзден іске көшудің бір амалы деп білемін», - деді Д. Жазықбаев.

Өз кезегінде  Бэлла Орынбетова аталмыш пікірге қатысты өзінің көзқарасын білдірді.

« Дауыс беру  смартфон арқылы да жүзеге асырыла береді. Меніңше,  интернет  жетпейтін   ауылдарға   жергілікті атқарушы органдар   дауыс беруге  жағдай жасаулары  керек. Себебі, әрбір азамат  қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысы бар болғысы келуі мүмкін», - деді Б.Орынбетова.

Айта кетейік, «Стратегия» пікірталас клубында  еуропалықтарға қазақ халқының рухани  құндылығы таныстырылғаны айтылған боалтын.

Аягөз Құрмаш 

Видео: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика