Үкімет

Б. Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесті

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Draper Fisher Jurvetson (DFJ) венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 16:13

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ынтымақтастық орнату, атап айтқанда Астанадағы халықаралық стартап-хаб жұмысындағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевтың Сан-Франциско қаласына (Америка Құрама Штаттары) Кремний алқабына жұмыс сапары аясында жасалған келісімдердің іске асырылу барысы қаралды.

Еске салсақ, DFJ технологиялар саласындағы ерте кезеңдегі және өсу кезеңіндегі жобаларға инвестицияларға бағдарланған. 

 





Яндекс.Метрика