Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Хорватия маңызды мәселелер бойынша бірдей ұстанымда - СІМ

2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 17:13

Осы атаулы күнге орай 2017 жылғы 11 қазанда Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Р.Василенко мен В.Скрячич Загреб қаласында саяси консультациялар өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалады және барлық салаларда өзара іс-қимылдарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

Екі елдің халықтарын достық, өзара сыйластық дәстүрлері мен бір-біріне деген сенім байланыстырады. Мемлекеттік даму мақсаттарының, сондай-ақ Қазақстан мен Хорватияның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығы тұрақты мемлекетаралық қатынастардың берік негізі болып табылады.

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде екі елде ауқымды мемлекеттік реформалар, қоғам мен экономиканы жаңғырту, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту және екі елдің халықаралық істердегі рөлін нығайту сипатындағы терең прогрессивті өзгерістер орын алды.

Саяси диалог жоғары қарқындылықпен және мазмұндылықпен сипатталады. Жоғары деңгейдегі сапарлар барысында негізгі нормативтік-құқықтық актілерге қол қойылды. Олардың ішінде 2001 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы декларация және екіжақты қарым-қатынастардың барлық кешенін одан әрі ілгерілетудегі Астана мен Загребтің жалпы бағыты расталатын құжаттар.

Қазіргі кезде ортақ күш-жігер нәтижесінде мемлекетаралық қатынастар деңгейі жоғарылады. Шарттық-құқықтық негізді кеңейту бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Сыртқы саяси ведомстволар мен салалық ведомстволардың желісі бойынша диалог жүзеге асырылуда. Парламентаралық және өңіраралық қатынастар, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстар дамуда.

Қазақстан мен Хорватия халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға ие. Мемлекеттер БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдар аясында халықаралық қауіпсіздік, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен ұлттың басқа қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелері бойынша тығыз іс-қимыл жасауда.

Астана 2013 жылғы 1 шілдеде Еуропалық Одақтың толық құқықты мүшесі болған Хорватияның жетістіктері мен халықаралық аренадағы рөлін жоғары бағалайды.

Загреб Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздандыруға, таратпауға, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Қазақстан мен Хорватия екі ел халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағдарланған сыртқы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті.

 

 





Яндекс.Метрика