Үкімет

Атырау облысында 14 әлеуметтік нысан ашылды – әкім

Атырау облысында 14 әлеуметтік нысан ашылды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 14:43

2017 жылы Атырау облысында 296,6 км жол салынды, оның ішінде Атырау қаласында 236,6 км.

«2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасына 2000 жас  қатысты (2016 жылы – 600). Оның ішінде Атырау қаласынан – 460, Жылыой ауданы – 250, Индер ауданы – 210, Исатай ауданы – 200, Құрманғазы ауданы – 230, Қызылқоға ауданы – 225, Мақат ауданы – 210, Махамбет ауданы – 215). Әр қатысушының еңбекақысы 59 853 теңгені (салықты қосқанда) құрады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 103 млн теңге, республикалық бюджеттен 39 млн теңге қаралды», - деді Н.Ноғаев.

Оның айтуынша, 2017 жылы кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін педагогикалық, медициналық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жергілікті бюджеттен 222 грант бөлінді. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға – 178, медицинаға – 35, ауыл шаруашылығына – 9.

«2017 жылы 14 әлеуметтік нысан ашылды. Оның ішінде - 6 орта мектеп, 4 балабақша, 1 музыка мектебі, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 Атырау мемлекеттік орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау базасы», - деді Атырау облысының әкімі.

2016-2017 жылдары облыстық әкімдік балық қорын көбейтуге қолайлы жағдай жасау үшін 76,0 млн теңге бөліп, «Атырау  облысы аумағындағы Қиғаш өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту және су көлемін арттыру» және «Атырау облысы аумағындағы Жайық өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту, су көлемін арттыру» нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды.

«Қазір жобалау жұмыстары аяқталды, мемлекеттік сараптамадан оң қортынды алынды. Тереңдету жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айынан басталып, екі жылға созылады», - деді ол.

 





Яндекс.Метрика