Үкімет

«Рухани жаңғыру»: Атырау облысында 106 жоба жүзеге асырылуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында аймақта 1,6 млрд. теңгеге 106 жоба жүзеге асырылады. Оның 1,088 млрд. теңгесі жергілікті бизнес иелерінің демеушілік қаражаты, деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысындағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 14:32

Биылғы жылдың 9 айында Атырау облысының өндірістік өнім көлемі 4 041,6 млрд. теңгені құрады.

«2017 жылы Атырау облысында 1-4 сыныптарда оқитын  54 418 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды (2014 жылы – 42480, 2015 жылы – 48148, 2016 жылы – 51143). Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 135,8 теңге (2014 жылы – 1204,324, 2015 жылы – 314,234, 2016 жылы – 1195,0 теңге) бөлінді.2017 жылы ИКИ құрылысына облыс бойынша 11,2 млрд. теңге бөлінді», - деді Н.Ноғаев.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы екінші деңгейлі банктерде 1 жоба қаралып жатыр: 256 пәтерлік 5 көп пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 26,5 мың шаршы метр, жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңге.

«Бүгінге дейін 2 өңірлік үйлестіру кеңесі өтті. 1 жоба бойынша қарыз алушы «АВЕ&К» ЖШС-нің несиесін субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім қабылданды: 50 пәтерлік 1 көп пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 2,6 мың шаршы метр, 300,0 млн теңге (жобаның жалпы құны 472,0 млн теңге) және «Болашақ-Т» ЖШС: 80 пәтерлік 1 көппәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метр, 554,3 млн теңге (жобаның жалпы құны 791,8 млн. теңге)», - деді облыс әкімі.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы үшін жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр 675 пәтерлік 13 үй пайдалануға беріледі, сонымен қатар жалпы ауданы 92,3 мың шаршы метр болатын 1332 пәтерлі 24  несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

 




Яндекс.Метрика