Адами капитал

Алматыда халықтың діни сауаттылығын арттыру жөнінде іс-шара өтті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Алматы облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 14:23

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Арын Берік Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық «Орбита-3»- мешітінің наиб имамы, Бертымуратов Жолдас Қоспақұлы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, Серік Тәжібаев бар.

Халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға областағы қалалар мен аудандардың тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

Әсіресе, түзету мекемелеріндегі сотталғандар оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Талдықорған қаласы және Заречный елді-мекеніндегі түзету мекемесінде отырған азаматтармен кездесіп, әңгімелесті.   

 




Яндекс.Метрика