Үкімет

Атырау облысының әкімі өңірдегі бензин мәселесі туралы айтты

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі бензин мәселесі туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 12:58

АИ-92 бензинінің құны   151-ден  158 теңге аралығында  тұрақтанды.

«Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты АМӨЗ  штатық режимде жұмыс істеп отыр.  Басшылықтың мәліметінше,  күніне  2,4 мың тонна  АИ-92 бензинін өндіреді.  Бүгінгі таңда  бензин тапшылығы жоқ», - деді Ноғаев.

Оның айтуынша,  АМӨЗ-ден бөлек  өңірге өзге де жеткізушілер тасымалдайды.

«Жеткізушілер саны 22-ге тең. Өңірде  103 автобекет станциясы бар.  Оның құны  (АИ-92 бензинінің құны) 151 -158 теңге аралығында ауытқып тұр», - деді әкім.

 




Яндекс.Метрика