Рухани жаңғыру

Ақтауда "Алаш" партиясының 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

"Туған жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облыстық кітапханасында "Алаш" партиясының құрылуына арналған тақырыптық кеш өтті.
Маңғыстау20 Қазан , 20:41

Іс-шараға қатысушылар партия лидерлерінің еңбектерімен, материалдарымен, партияның белсенділері мен мүшелері және оның төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы танысты. 

Бұдан бөлек, деректі фильм көрсетілді. 

Еске сала кетейік, биыл "Алаш" партиясының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Партия Ресейдің, республикалардың мемлекеттік құрылымы, азаматтардың құқықтары, қазақ әйелдерінің жағдайына қатысты мәселелерді көтерген. Қазан төңкерісінен кейін Алаш автономиясы қалыптастырылып, уақытша Халықтық Кеңес құрылады, оған «Алашорда» деген атау беріледі. Алайда, 1925 жылы қозғалысқа қатысушыларды қудалау, ал 1930-1932 жылдары "Алаш" партиясының белсенділеріне қарсы репрессия басталады. 




Яндекс.Метрика