Рухани жаңғыру

Қызылордада Иран-Ғайыптың шығармашылық кеші өтті

Қызылорда қаласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын-драматург Иран–Ғайыптың 70 жылдығына арналған «Жан жұмбағын жария еткен құдірет» атты шығармашылық кеш өтті.
Қызылорда20 Қазан , 15:32

Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жинағы 1974 жылы жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалы жыр жинақтары жарық көрді. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері.

Иран-Ғайып – өнердегі тазалықты, ақиқатты қалайтын ақын. Өзіне қойған талапты өзге де ақындарда болса деп армандайды.

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі З.Пазылова болса, ақынның адами болмысты бейнелеуден, ізгілікке құштарлықтан өмір мен уақыт тынысын сездіретін шығармаларына тоқталды. Сондай-ақ, ақынның шығармашылығына арналған бейне-ролик көрсетті.

 




Яндекс.Метрика