АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қазақстандық фермерлеге ауылшаруашылық техникасының лизингі туралы түсіндіріледі

Қазақстандық фермерлеге ауылшаруашылық техникасының лизингі туралы түсіндіріледі, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ.
Алматы қаласы 20 Қазан, 15:57

Қазақстандағы машина және трактор паркін жаңарту барысының төмен қарқыны және соның нйтижесі ретінде, технологиялық операциялардың бұзылуынан ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының төмендеуі, сондай-ақ агробизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы фермерлердің төмен хабардарлығы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының «Ашық есік күні» деп аталатын ауқымды акция өткізуіне себеп болды.

Бұл іс-шараның алғашқы келушілері Алматы облысының фермерлері болмақ.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен  Орталық аппаратының  бейінді мамандары (клиенттермен жұмыс жөніндегі, техника сатып алу жөніндегі, лизингтік, кепілзаттық және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі менеджерлері) фермерлермен көзбе-көз кездесті.

Оларды қызықтыратыны:  лизингті рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізбесі;лизингті рәсімдеу мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мерзімдері;лизингті рәсімдеудің заңгерлік мәселелері;төлемдерді жүзеге асыру;субсидиялау;ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық лизингі шарттары;арнайы лизинг бағдарламаларын қаржыландыру;басқа да қаржыландыру алу мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беру үшін, сондай-ақ ҚазАгроҚаржының лизинг шарттарын жақсарту жөніндегі фермерлердің ұсыныстарын тыңдау үшін Алматы қаласына келмекші.

 

 





Яндекс.Метрика