Рухани жаңғыру

Павлодарда «Зияткер-2017» ойынының жеңімпазы анықталды

Павлодарда «Pухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Зияткер-2017» зияткерлік ойынының шешуші кезеңі өтті.
Павлодар20 Қазан , 13:34

Сайысқа әлем елдерінің тарихы, мәдениеті мен географиясын жетік білетін 16 мен 25 жас аралығындағы білгірлер қатысты.

«Зияткер» - ойыны ресейлік «Своя игра»телевикторинасының аналогы, ол «НТВ» телеарнасынан көрсетіледі.  2005 жылы оның жүргізушісі Петр Кулешов «Жетекші телевизиялық ойын» номинациясы бойынша ТЭФФИ жеңіп алған.

«Зияткерді»  «Своя игра» телевикторинасынан ерекшелігі, онда әр үштік  үшін жеке раунд өткізіледі, ал жеңімпаздар финалда кездеседі.  Басты сыйлық- ноутбак финалда жеңіске жеткен ең білімді қатысушыға беріледі. Ойынға  16 мен 25 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.  Ол үшін ол біздің орталыққа келіп, іріктеу кезеңінен өтуі тиіс. Оның нәтижесі туралы әлеуметтік желілерде хабарланады. Сонымен,  біз «Зияткер-2017» ойынына үміткер  42 адамның тоғызын іріктеп алдық», - деді Жастар бастамасы орталығының директоры Наурызбай Қаршығанов.

Зияткерлік турнирдің жеңімпазы Қарағанды экономика университетінің түлегі Самал Қабылбекова атанды.




Яндекс.Метрика