Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Малайзиялық БАҚ Қазақстан туралы: ел өз экономикасын нығайтуға ниетті

«Қазақстан өз экономикасын шикізат тауарларына шектен тыс тәуелділіктен босатуда», «Бернама» ұлттық ақпарат агенттігіндегі мақала осылайша аталады. 2017 жылғы 25 тамызда басылым Қазақстан экономикасы туралы оң пікірін білдірген журналисттің мақаласын жариялады.
Әлемде 20 Қазан, 11:52

Қазақстан - Орталық Азиядағы ең ірі және әлемде аумағы бойынша тоғызыншы орын алатын ел, ол шикізат тауарларына тәуелділікті төмендетіп, өз экономикасын және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ниетті. 

Осы мақсатта бұрынғы кеңес республикасында "Үшінші жаңғыру" аясында экономикалық және инвестициялық стратегиялар қабылданды. Ол елге 2050 жылға дейін әлемнің ең ірі 30 экономикасының қатарына енуге мүмкіндік береді. 

Билік орындары ел экономикасының мұнай өндіру саласына шектен тыс тәуелділігін түсінеді. Даму және инвестициялар тарту мақсатында олар көлік, фармацевтика өнеркәсібі, мұнай және химия, тамақ өнеркәсібі сияқты секторларға бағдарлана отыра, әртараптандыру әрекеттерін қабылдауда. 

"Үшінші жаңғыру" аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы технологиялық жаңғыртуды жылдамдату, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қамтитын бес басымдықты атап көрсеткен болатын.

2014 жылғы қарашада Президент маңызды инфрақұрылымдық жобалар мен басым секторларға мемлекеттік және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін экономикалық өсуді ішкі ынталандырудың "Нұрлы жол" деп аталатын ірі бағдарламасын жариялады. 

Бұл бағдарлама агробизнестегі, тауарлар өндірісіндегі, сауда мен логистикадағы, туризм, ақпараттық технологиялар және қаржы секторларындағы, сондай-ақ мұнай саласындағы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. 





Яндекс.Метрика