Білім беру

Астанада халықаралық технологияларды коммерцияландыру форумы өтуде (ФОТО

Астанада «Ғылым мен бизнес интеграциясының құралы ретінде технологияларды коммерцияландыру» форумы өтуде. Форумға қатысушылар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын практикалық іске асыру мәселелерін талқылауда.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 10:03

Халықаралық форумды өткізудің мақсаты – ең жаңа технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу, ғылыми әзірлемелерді танымал ету және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу.  

Іс-шара аясында пленарлық отырыстар мен тақырыптық сессиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің көрмесі, пікірталас алаңдары, сондай-ақ басқа да кездесулер өтуде.

Сондай-ақ, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріске енгізу процесін мемлекеттік қолдау құралдары, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру және ғылымды экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарлау мәселелері бойынша ақпарат ұсынылады.  

Форум соңында зерттеушілердің қажеттіліктерін қолдау және Қазақстанның ғылым нәтижелерінің тиімділігін арттыру мақсатында Scopus және Science Direct қолжетімділік беретін Elsevier-мен ұлттық лицензиялық келісімге, сондай-ақ ғылым мен жастарға арналған бірқатар іс-шараларды бірлесіп жүргізу үшін British Council-мен меморандумдарға қол қойылады.  

 

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика