Рухани жаңғыру

ШҚО кәсіпкерлері «Туған жер» форумында 2 млрд теңгеден астам қаржы жинады

Өскемен қаласында «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумы өтті. Облыста іске асып келе жатқан «Туған жер» бағдарламасы аясында ірі өндіріс орындары, шағын және орта бизнес иелері білім, денсаулық сақтау салаларының дамуына қолдау білдіріп келеді.
Шығыс Қазақстан 20 Қазан, 12:54

Қазірдің өзінде аталмыш бағдарлама аясында жалпы құны 21,5 млрд теңгеге 1 360 әлеуметтік жоба іске асуда. Соның ішінде атап өтсек, Өскеменде жаңа оңалту орталығы салынып, «Нұрлы жол» саябағы ашылды. Сондай-ақ, Зырян, риддер қалаларында спорт мекемелері бой көтерсе, аймақтағы бірқатар денсаулық сақтау нысандары заманауи құралдармен жабдықталды.

Шағын және орта бизнес өкілдері де шетте қалмады. Биылғы жылдың өзінде олардың демеушілігімен 5,2 млрд теңгеге 929 әлеуметтік жоба іске асу үстінде.

«Шағын ғана кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қазірде ірі кәсіпорындармен тең дәрежеде қолдау көрсетіп келеді. Әсірсе аудан кәсіпкерлері қаражатының көлеміне қарамастан, балабақша құрылысына қолдау білдіріп келеді», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетсек, «Туған жер» бағдарламасы аясында 2147,7 млн,теңгеге абаттандыру бойынша 289 жоба іске асуда. Соның ішінде 150,5 млн теңгеге 63 жоба іске асып, тапсырылған.

 

 





Яндекс.Метрика