Экономика

Жылу маусымы басталғалы 31 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

Жылу беру маусымында теміржол көлігімен көмір тасымалдарын және биылғы астық тасымалдарын, бұған қоса контейнерлердің транзиттік тасымалдарын жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге Министрлік ерекше назар аударады.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 12:13

ИДМ хабарлағандай, осы мақсатта жылу беру маусымына дайындық басталғаннан, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап, 31 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл жоспардың 98%-н құрап отыр. 2016 жылғы 1 мамыр мен 31 тамыз аралығында 17,3 млн. тонна тасымалданса, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде 20,6 млн. тонна тасымалданды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 19%-ға артық және ЖЭО-да көмірдің қажетті қорын қамтамасыз етті.

Биылғы астықты тасымалдауда шамамен 10 мың бидай тасушы вагондар қолданылуда. Олар айына 1 млн. тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етеді. 2017 жылдың 9 айында шамамен 5,5 млн. тонна астық тасымалданды, оның ішінде 3,6 млн. тонна экспортқа шығарылды.

Астықты экспортқа шығарушылар үшін көрсетілтеін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік Ауыл шаруашылығы министрілігмен бірлесіп электронды астық қолхаттары веб-порталында «Астық Транс» АҚ бидай тасушы вагондарына  on-line тапсырыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша шараларды пысықтауда.

Соңғы 2 жыл ішінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне контейнерлік тасымалдар көлемі 2 есе артты және биыл 8 айда шамамен 100 мың контейнерге жетті (2016 жылғы 8 ай ішінде 56 мың жиырма футтық эквивалентте). Жалпы алғанда контейнерлік тасымалдар көлемін арттыру үшін контейнерлерді тасымалдауға арналған  17 мың платформа вагондарын сатып алу қажет.

ЕХРО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы бағытында облысаралық қатынаста жолаушылар тасымалы 23%-ға, ал халықаралық қатынаста 10%-ға өсті. Астана қаласына келген жолаушылардың жалпы саны 14,6 млн. адамды құрады. Оның ішінде Қазақстан аймақтарынан 1,43 млн. адам және ТМД елдерінен 31,3 мың адам келді.

2016 жылдың қазан айынан вагондарды сатып алу ставкасын ішінара субсидиялау есебінен көмір тасымалдау үшін 1300 бірлік жартылай вагон және транзиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 103 вагон шығару жөнінде шарттар бекітілді. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд.теңге инвестиция тартылды. Теміржол машина жасау саласындағы 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық компания жұмылдырылды. Вагондар Петропавл қаласындағы «ЗИКСТО» АҚ вагон шығару зауытында шығарылуда.

Осылайша, 2017 жылы «Тұлпар-Тальго» вагондарының 62 бірлігін сатып алу және 2018 жылы Астана – Лениногорск 375/376 пойызы құрамын жаңарту жоспарлануда.

Жалпы алғанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагондарының шамамен 50 бірлігін жыл сайын сатып алады деп жоспарлануда.

Жеке тасымалдаушылар Министрлік алдындағы шарттық міндеттемелері аясында 2017 жылы 16 млрд. теңге инвестиция тартты және жолаушыларды тасымалдауға арналған 52 вагон сатып алды. Ол вагондар 43/44 Қостанай – Алматы, 327/328 Қостанай – Қарағанды,621/622 Қостанай – Арқалык және 307/308 Жезқазған – Астана пойыздарының ескі вагондарын алмастырады.

 





Яндекс.Метрика