Рухани жаңғыру

Ғалымдар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылады (ВИДЕО)

ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы Дала болашағына қадам – латын әліпбиі» тақырыбына өткен дөңгелек үстел аясында ғалымдар мен сарапшылар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылады.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 10:56

«Бүгін кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы мәселе талқылануда. Қазақстан Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан біртіндеп латын әліпбиіне көше бастайтынын айтқан болатын. Осы процеске дайындалу бойынша тапсырма берілді. Мамандар Парламентке латын әліпбиінің бір нұсқасын ұсынғаны барлығына белгілі. Бұл нұсқа біздің қоғам арасында кеңінен талқыланды. Кейіннен Президентке екінші нұсқа ұсынылды. Қазір осы екінші нұсқаны талқылау процесі жүріп жатыр», - деді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмагүл Әбсеметова Strategy2050.kz АА тілшісіне.

Сарапшының айтуынша, бұл проблема бірінші кезекте мамандарды ғана емес, сонымен қатар студенттер мен мектеп оқушыларын да қызықтыруы тиіс.

Сондай-ақ Ж. Әбсеметова әліпбидің ұсынылған нұсқалары туралы өз пікірімен де бөлісті. 

«Менің ойымша, бірінші нұсқада диграфтар белгілі бір қиындықтарға әкелді, ал екіншісінде апострофтар ғана, олар да ыңғайсыз, себебі бір сөзді жазған кезде үстінен көп белгі қою қажет. Сондай-ақ мен үшінші нұсқа туралы да естідім, онда кейбір әріптер қосарланып келеді, осы нұсқа анағұрлым ыңғайлы деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.  

 

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика