Халықаралық интеграция

Қазақстандық тарап Қырғызстанмен диалог жүргізуге ашық болды – Асқар Нұрша

Қазақстандық тарап Қырғызстанмен диалог жүргізуге ашық болды, деді Ұлт көшбасшысы – ҚР Президентінің қоры жанындағы ӘЭСИ сыртқы саясаты жөніндегі жобалар үйлестірушісі Асқар Нұрша.
Нұр-Сұлтан 19 Қазан, 18:12

Қазақстан мен Қырғызстан  премьер-министрлері арасында өткен  келіссөздерді әңгіменің басы ретінде қарастыруға болады.  Оның қорытындысы бойынша шекарадан өту жеңілдеуі керек. Біріншіден, қазақстандық тарап диалогқа ашық болды. Екіншіден, қырғыз тарапы құрылымдық негізде  дабыл берді.

Жүк тасымалына шекараның ашылуы үшін тараптар  жұмыс тобын құрып,  Жол картасы бойынша жұмыс істеуге көшті.

Оның айтуынша, соңғы айлары Қазақстан мен Қырғызстан арасында  өзара ынтымақтастық, шекаралық және трансұлттық мәселе бойынша бірқатар сұрақтар болды.

«Аталмыш сапар мен жағдай жиналып қалған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Үкіметтің деңгейі жоғары болса да, көп мәселе үкімет деңгейінде шешілмейді. Қырғыз тарапы келісімдерді кезеңдеп жүзеге асыруға қаншалықты дайын болғанында болып отыр», - деді сарапшы.





Яндекс.Метрика