Рухани жаңғыру

ШҚО кәсіпкерлері "Туған жер" бағдарламасының іске асырылуын қолдайды

Шығыс Қазақстанда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері "Туған жер" бағдарламасы аясында білім беру, спорт, денсаулық сақтау салаларын дамытуға бағытталған едәуір әлеуметтік жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Өскемен қаласындағы "Туған жер" кәсіпкерлер форумы барысында белгілі болды.
Шығыс Қазақстан20 Қазан , 11:12

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, осы бағдарлама бойынша халықтың әлеуметтік өмірінің барлық салаларын қамту үшін 21,5 млрд теңге сомасына 1360 әлеуметтік жоба орындалуда. 

Жылдың ең маңызды орындалған жобаларының бірі оңалту орталығының, Өскемен қаласындағы "Нұрлы жол" демалу саябағының, Зыряновск, Риддердегі Спорттық модульдердің құрылысы, облыстың медициналық мекемелерін заманауи жабдықпен жарақтандыру болып табылады. 

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы шағын және орта бизнес өкілдері 5,2 млрд теңге сомасына 929 әлеуметтік жобаны іске асыруда. 

«Олардың қосқан үлесі аса маңызды. Аудан кәсіпкерлері өз табыстарының бір бөлігін туған өлкелерінің дамуына салады. Олар қаражатты балабақшалардың құрылысына, әлеуметтік объектілерді жаңа жабдықпен жарақтандыруға, ауылдар мен қалаларды абаттандыруға бағыттайды», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, «Туған жер» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта 1247,7 млн теңге сомасына 289 жоба іске асырылуда. Қазір 150,5 млн теңге сомасына 63 жоба әзірленген. 




Яндекс.Метрика