Рухани жаңғыру

Бизнеске 122 әлеуметтік жоба ұсынылды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне еліміздің барлық өңірлері қатысты.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 09:12

Ведомство хабарлағандай, аталған жәрмеңкенің мақсаты - коммерциялық емес ұйымдардың және кәсіпкерлердің қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде өзара іс-қимылын күшейту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тәжірибесін дамыту болып табылады. Жәрмеңке ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдардың)  қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ұсынуға бірегей мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге ең көп өтінімдер Павлодар (20), Қостанай (17), Оңтүстік Қазақстан (12) облыстарынан және  Астана қаласынан (13) келіп түскен. Ал,  Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдары - 9, Алматы және Жамбыл облыстары - 8 және Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдары 7 өтінім ұсынған.  

Атырау және Қарағанды облыстарынан - 6, Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облыстарынан - 4, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан - 3, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1  өтінім қабылданған.

Отандық кәсіпкерлер және қызығушылық танытқан кез-келген тұлға asar2017.kz сайты арқылы ҮЕҰ ұсынған жобалармен толық танысып, оларды жүзеге асыруға қолдау көрсете алады.  

Кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан ең табысты ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдардың) жобалары 2017 жылғы 30-31 қазанда Атырау қаласында өтетін «Асар» атты үшжақты серіктестік форумында таныстырылады. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтеді және ҮЕҰ, бизнес және мемлекет үшін жыл сайынғы сұхбат алаңына айналады.

Аталған форум Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен  ұйымдастырылып отыр.  





Яндекс.Метрика