Ауыл әкімдерін сайлау

Жергiлiктi әкiмдер сайлауына 7 173 үмiткер ұсынылды

Жергiлiктi әкiмдер сайлауына 7 173 үмiткер ұсынылды. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында Орталық сайлау комиссиясының ресми өкiлi Венера Жексембекова мәлiмдедi, деп хабарлайды 2050 Стратегиясының ресми сайты.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректерiне сәйкес, республика бойынша ұсынылған 7 173 үмiткердің 7 018-і тiркелдi. Сайлау науқанына қатысқан кандидаттардың сапалық құрамында түбегейлi өзгерiстер болған жоқ», - деді В.Жексембекова.

Оның айтуынша, үмiткерлiкке ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн 46 азамат жеке өтiнiштерi бойынша өз кандидатураларын алып тастаған.

«Аумақтық сайлау комиссияларының шешiмi бойынша 55 кандидат тiркеуден өтпеді. Оның негiзгi себебi аталған кандидаттардың 2013 жылғы 24 сәуiрде ҚР Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген әкiмдердi сайлау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуi болып табылады», - деп атап өттi ресми өкiл.

Сонымен қатар, тiркеуден кейiн 51 кандидат жергiлiктi әкiмдер сайлауынан шығып қалған.

«Олардың 15-i өз кандидатурасын жеке өтiнiштерi бойынша алып тастады. Салық органдары 36 кандидаттың кiрiсі және мүлiк туралы ұсынған мәлiметтерiнiң сәйкес келмейтінін анықтады», - деп түсiндiрiп өттi ол.




Яндекс.Метрика