100 жаңа есім

Қазақстанның 100 жаңа есімі – меритократиялық қоғамның нышаны

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде таныстыру аясында ҚР АКМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Сүйіндік Ләззат «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды түсіндірді.
Әлемде18 Қазан , 12:34

«Сарапшылық топтың  алдын ала іріктеуінен кейін  біз жалпыұлттық интернет дауыс беруді іске қостық. Жақында «Қазақстанның  100 жаңа  есімі» жеңімпаздарын анықтаймыз. Қазірдің өзінде қорытындыдан тәуелсіз түрде  жоба  мыңдаған жаңа есімді ашқанын көрдік, олардың оқиғасы елдің табыстылығына   үміт сыйлайды. Олардың ұлты, мамандығы, діні, ділі, жасы әртүрлі, олардың ішінде қалалық, ауылдық  азаматтар да бар.  Оларды біріктіріп отырған  өз ісіне деген махаббат, жауапкершілік және патриоттық», - деді Л.Сүйіндік.

Айта кетейік, 17-20 қазан аралығында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде «Жаһандық Әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтуде. 18 қазанда  «Ұлы Дала сазы» концерті өтіп,  19 қазанда «Astana Ballet» - «Salle pleyel»  труппасының концерттік бағдарламасы таныстырылады. 




Яндекс.Метрика