Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Алматыда көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленуде

Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 18 Қазан, 11:13

Ұсыныстар 2017 жылғы 31 қазанға дейін, 31-ін қоса есептегенде, қабылданады.Бұдан бұрын ұсыныстардың 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны туралы хабарланған болатын.

 «Алматы қаласы  Табиғи  ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ тапсырмасы бойынша қолайлы қала ортасын жақсарту мақсатында Алматы қаласын көгалдандырудың  тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды», - делінген  хабарламада.

Тұжырымдама қаланың климаттық ерекшелігі, топырағының құрамы, жерасты суының жақын орналасуы деңгейін, жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігіне талдау жасауға негізделген.

Тұжырымдама егілетін ағаш-бұташа, өсімдік материалдарын таңдау, дайындау және оны күтіп баптау әдістемесінен, саябақтар, аула ішіндегі аумақтар, санитарлық қорғаныс аймағына арналған бірыңғай қалалық көгалдандыру жүйесінен  құралып, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жүйесін дамыту жөніндегі Алматы қаласының бағдарламасын әзірлеуге, Алматы қаласының аумағында өзінің қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың  қызметіне негіздеме болады.

Тұжырымдама әзірлеудегі тағы бір мақсат - бұрыннан бар жасыл желектердің күйін жақсарту және жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің  бір адамға шаққандағы  көлемін 13 шаршы метрге дейін арттыру болып есептеледі.

 

 





Яндекс.Метрика