Инфрақұрылымның дамуы

Қостанай облысында 200 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

Қостанай облысында 200 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлады Статистика комитеті.
Қостанай18 Қазан , 08:47

Негізгі капиталға салынған инвестициялар бағалау есебімен 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 139 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,1% құрады.

 Орындалған құрылыстық жұмыс көлемі бағалау есебімен 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 61,6 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке 122,9% құрады.
  Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 194581 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке 118%.

«2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 192,5 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке 104,1%», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика