ҚР Президентінің Жолдауы

ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда

ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан 18 Қазан, 09:13

«Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 кередиттік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылып, 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады. Осының нәтижесінде өңірде сатылатын пәтерлер саны көбейіп, ипотекалық кредит алушылар саны арта түспек.  

«2017 жылы облыста 16 жеке салушылар есебінен 107 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарланса, 96 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында жалпы құны 17,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, орындалған жұмыс көлемінің жоқ болуына байланысты есепті кезеңге жоспарланған 650 млн. теңгенің 66 млн. теңгесі игерілмеген. Сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір елді мекеніндегі 300 орындық орта мектептің А блогының құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеден 5-10 күн шамасында кешігуде.  Дәл осындай кемшілік Мақтарал ауданы Фердауси ауылындағы Фердауси атындағы 600 орындық мектеп пен Ордабасы ауданы Шұбар су ауылындағы 600 орындық білім ұясының құрылысында да қайталанып отыр. 

 





Яндекс.Метрика