100 жаңа есім

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы бойынша онлайн дауыс беру басталды

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының 18 қазанда байқаудың келесi кезеңi басталады.
Астана қаласы16 Қазан , 15:57

BNews.kz  хабарлағандай, әрбір қолданушы үш  үміткерге дауыс бере алады.

«7 маусым мен 15-қыркүйек  аралығында  өтінімдер елдің түкпір-түкпірінен келіп түсті. Қорытындысында, el.kz порталында 2112 үміткердің тарихы жарияланды. Жұмыс және сарапшылық топ олардың арасынан 302 адамды iрiктеп алды. Дауыс беруге ұсынылған 302 үмiткер пайдаланушыларға қолайлы болу үшiн қызметiне қарай 6 салаға бөлiнген. Онлайн дауыс беру 10 қараша күнi аяқталады. Арасында дауыс беру нәтижелерi жайлы хабарлап отырамыз», - деді Әлжан Әжібаев.

Өз кезегінде «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов  онлайн дауыс берудің тәртіптері туралы айтып өтті.

«Біріншіден, біз міндетті тіркелуді енгіздік. Бұл жалған дауысқа жол бермес үшiн электрондық пошта немесе әлеуметтiк желiдегi аккаунт арқылы тiркелу жүйесi қарастырылған. Пайдаланушы барлығы үш қатысушыға дауыс бере алады, бiр үмiткерге тек бiр дауыс қабылданады. Қайта дауыс беру мүмкiн болмайды. Дауыс саны қатысушы суретiнiң жанында көрiнiп тұрады», - деді «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.

Дауыс беруге ұсынылған 302 үмiткер пайдаланушыларға қолайлы болу үшiн қызметiне қарай 6 салаға бөлiнген. Атап өтсек, мәдениет және өнер – 32 адам, қоғам – 83 адам, бизнес – 51 адам, медицина – 46 адам, ғылым – 47 адам, спорт – 43 адам», - дедi Евгений Кочетов.

Дауыс беру барынша жеңiлдетiлген, таңдаған қатысушыны қолдау үшiн перненi бiр рет басу жеткiлiктi. Дауыс берудiң мобильдi нұсқасы да бар. Қатысушылардың фотосуретiн басқанда ол туралы барлық ақпарат көрiнедi. 




Яндекс.Метрика