Мемлекетті басқарудың жаңа типі

Стивен Тулл: Мемлекеттік қызметті реформалау – қоғамдағы өзгерістердің қозғаушы күші

Мемлекеттік қызметті реформалау – қоғамдағы өзгерістердің қозғаушы күші. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың құрылтай конференциясы барысында БҰҰ тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Тулл мәлімдеді.
Казахстан15 Наурыз , 00:00

«Барлығымыз бірлесе бұл мәселелерді талқылап жатқанымыз азаматтар мен қоғамның мемлекеттік қызметті жетілдірудегі ұдайы ізденісін білдіреді. Мемлекеттік басқаруды реформалау қоғамдағы өзгерістердің қозғаушы күші бола алады. Аймақтық хаб құру идеясы өте маңызды болып табылады. Өйткені, хаб арқылы ғаламдық деңгейде мемлекеттер арасында тәжірибе алмаса аламыз», -деді С.Тулл.

Оның айтуынша, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметті реформалау қарқыны мен тиімділігін арттырады. 

«Менің ойымша, бұл әлемде бейбітшілікті сақтау мақсатында үкіметтер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады. Аймақтық хаб мемлекеттік қызметті ұдайы жетілдіріп отыратын институциналдық желі болады деп қарастырылып отыр. Ол мемлекеттік қызмет органдарының әлеуетін арттырып, мемлекеттік қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді БҰҰ ДБ тұрақты өкілі.




Яндекс.Метрика