Экономика

Қалаларды тұрақты дамыту мақсатында 6 млн долларға жуық қаражат бөлінді

«Төменкөміртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасы үшін 6 млн долларға жуық қаражат бөлінеді. Бүгінде 15 қаланың ішінен 7-уі іріктеп алынды. Бағдарлама 2020 жылға дейін іске асырылады, деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Мунхтуя Алтангерел Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы 13 Қазан, 16:17

БҰҰДБ және ҚР Үкіметі Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен «Төменкөміртекті дамуға арналған орнықты қалалар" бірлескен жобасын іске асыруда. 

«Жоба сомасы 5,9 млн долларды құрайды және біз бұл жобаны 2020 жылға дейін іске асырамыз. Бұл әзірше пилоттық кезең. Механизм одан әрі жұмыс істейтін болса, қосымша қаражат тарту нұсқаларын қарастыратын боламыз. Сондай-ақ біз Қазақстан Республикасының қаржы институттарымен, соның ішінде "Даму" қорымен жұмыс істейміз. "Жасыл климат қоры" сияқты қаржы институттарын аккредиттеу мүмкіндігін қарастырамыз», - деді ол.

15 жобалық қалаға қатысты, БҰҰДҚ оларды ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп таңдаған болатын.  

«Біз байқау жариялап, оған оң жауап берген барлық қалаларды тарттық. Осылайша, қазіргі уақытта 15 қала іріктеп алынды. Шынында да, Қазақстанның көптеген қалалары проблемалармен кездеседі. Біз бұл жоба қосымша инвестиция тарту үшін серпін болады деп санаймыз», - деді БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары. 

Іске асырылатын жобаның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңа практикаларды енгізіп және энергия тиімді қалалық инфрақұрылымға инвестициялар тарта отырып, тұрақты ірі және шағын қалаларды нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.  

 

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика