Экономика

"Даму" қоры энергия үнемдеу саласындағы бизнес-жобаларды қаржыландыруды бастайды (ВИДЕО)

Кәсіпкерлер қалалық шаруашылық саласындағы энергия үнемдеуге бағытталған бизнес-жобаларға субсидиялар түрінде қолдау ала алады. Бұл пайыздық мөлшерлемені 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы "Даму" КДҚ" АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 13 Қазан, 15:32

Абай Сарқұлов ағымдағы жылғы 28 тамызда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры БҰҰДБ-ЖЭҚ қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу саласындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойғанын айтып өтті. 

«Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау құралдарын кеңейтеді, осылайша, біз бизнестің дамуына ықпал етіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қалыптастыруға үлес қосуға тырысамыз. Осы жобаның негізгі мақсаты - энергия үнемдеу саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және қалалық инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыру», - деп атап өтті «Даму» қорының басшысы.

А. Сарқұловтың айтуынша, қаржылай қолдау шараларын ұсыну шарттарын әзірлеу кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың жалпыға белгілі "Бизнестің жол картасы - 2020" қолданыстағы механизмі  негізге алынды.

«Осылайша, осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер қалалық шаруашылық саласындағы энергия үнемдеуге бағытталған бизнес-жобаларға субсидиялар түрінде қосымша қолдау ала алады, бұл пайыздық мөлшерлемені 10% төмендетуге мүмкіндік береді және кепілдеме жеткіліксіз болған кезде несие сомасынан 50%-ға дейінгі мөлшерде кепілдік алу мүмкіндігіне ие болады », - деп ақпараттандырды ол.

 Абай Сарқұлов айтып өткендей, осы бағдарлама жыл соңына дейін іске қосылады, қолдау шараларын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика