Рухани жаңғыру

Латын әліпбиі - ұлттық стандарттарды өзгертеді (ВИДЕО)

Эксклюзив
Ұлттық стандарттарды латын әліпбиіне көшіру әлем қауымдастығына біздің стандарттарымызды еш қиындықсыз зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында "ҚазИнСт" РМК бас директорының орыбасары Қуаныш Елікбаев хабарлады.
Астана қаласы 13 Қазан, 15:00

«Жасыратыны жоқ, латын әліпбиіне көшу бәсекелестікті арттыруға бағытталғаны туралы көп айтылды.  Өздеріңіз білетіндей, біздің саламызда бірыңғай нормативті-техникалық құжаттар қоры жасақталған. Яғни, барлық техникалық құжаттар кім, қашан қабылданғанына қарамастан біздің Қазақстанда қолданылатын болғандықтан осы қорда болуы тиіс. Бүгінде Қазақстанда ұлттық стандарттар «ҚР СТ»  қабылдануда. Бұл ұлттық стандарттар біздің заңнамамызға сәйкес мемелекеттік тілде, қазақ тілінде қабылданып, кейін орыс тіліне аударылуда. Сондықтанда қабылданған  6955 ұлттық стандарт латын әліпбиі бекітілгеннен кейін сәйкесінше бағдарлама аясында латыншаға көшіріледі», - деді сөз басында "ҚазИнСт"  РМК бас директорының орыбасары Қуаныш Елікбаев

Сонымен қатар, спикер ұлттық стандарттарды латын әліпбиіне көшірудегі тиімділіктерге тоқталды.

«Ұлттық стандарттарды латын әліпбиіне көшіру әлем қауымдастығына біздің стандарттарымызды еш қиындықсыз зерттеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне әлемде Тілдерді транслитерациялау туралы халықаралық стандарттар бар. Сәйкесінше, қазақ тіліне тән ИСО халықаралық стандартын біз жасақтайтын боламыз және осы жұмысты біз міндетті түрде жүзеге асырамыз», - деп түйіндеді Қуаныш Елікбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 9 қазанында Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Мөлдір Асқарқызы

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика