Білім беру

Маңғыстауда жоғары сынып оқушылары үшін жаңа оқу құралы әзірленді

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін "Кәсіпкерлік негіздері" атты жаңа оқу құралы әзірленді, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Маңғыстау 13 Қазан, 10:34

"Кәсіпкерлік негіздері" атты оқу құралы бизнестегі негізгі ерекшеліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. 

«Бизнесте ең бастысы типтік қателіктер жасамау және күмәнданбау. Кәсіпкерлікте әрқашан біліп істеу қажет. Сондықтан, мен өз ісін бастағысы келетін адамдарға барлық қажетті сәттерді жинауға тырыстым. Бизнеспен айналысатындардың барлығы пайда алғысы келетіні және кәсіпорынның жоғары тиімді болуы үшін қолынан келгенінің барлығын жасайтыны белгілі. Оқу құралының өзінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар алуға болады. Яғни қателіктермен жұмыс істеу және қажетті нәтижелерге қол жеткізу», - деді кітапты әзірлеуші - Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Гүлжан Шаймерденова.

Г. Шаймерденованың айтуынша, "Кәсіпкерлік негіздері" оқу құралы үлкен сұранысқа ие болады. Оқу құралы жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін ғана емес, сонымен қатар, өз білімін жүйелендіргісі келетіндер үшін де пайдалы болады. 





Яндекс.Метрика