Өңірлер

Елордалық әкімдік 100 жаңа объектінің құрылысы үшін инвестрлар табуды жоспарлауда

Астана қаласының әкімдігі «CRE Central Asia-2017» жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық Азия форумында құрылыс саласындағы 100 жобаны ұсынбақ, деп хабарлады Елорда Инфо.
Астана қаласы12 Қазан , 19:48

«Біз қалаға қажетті 100-ден астам объектіні ұсынып отырмыз. Олар функционалдық мақсаты бойынша әр түрлі. Бұл театрлар, жеңіл атлетикалық манеж, шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, ашық және жабық футбол алаңдары, хоккей немесе баскетбол алаңдары, көлік инфрақұрылымы объектілері, сауда-ойын-сауық кешендері және т.б. Осы тізімде әлеуметтік объектілер де  бар», — деп хабарлады Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. 

Айта кету керек, алдағы Орталық Азия форумына жылжымайтын мүлік нарығының мамандары мен қатысушылары, Қытай, Сингапур, Ұлыбритания елдерінен келген сарапшылар қатысады. 

Бұдан бөлек, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шақыруымен форумға  Алматы, Шымкент, Ашхабад, Тбилиси, Ташкент және Бішкек мэрлері қатысады. Форум 19-20 қазанда Тәуелсіздік сарайында өтеді. 

 




Яндекс.Метрика