Халықаралық интеграция

ҚР ИДМ: Қырғыз тасымалдаушыларының Қазақстанның көлік заңнамасын ескермеу фактілері жиіледі

Соңғы кездері қырғыз тасымалдаушылары тарапынан Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті, деп хабарлады ИДМ-нің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 12 Қазан, 15:34

 Тек соңғы 2 күнде Қырғызстан Республикасының тасымалдаушыларына тиесілі тексерілген 212 автокөлік құралының 35-нен  өрескел заң бұзушылықтар анықталып отыр.

Атап айтқанда, артық салмақ және габарит көрсеткіштері бойынша - 11, каботажды тасымалдау - 4, Қазақстанның рұқсат бланктерінің болмауы - 4 және басқа да 13 заң бұзушылық тіркелді.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар үшін барлығы 1 миллион 328 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тұрақты емес жолаушылар тасымалдау рұқсаты жоқ 4 автобус айып тұрағына қойылды.

Анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат Қырғыз Республикасына жіберілді.





Яндекс.Метрика