Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Елорданың 40 жұмыс берушісі жаңа қызметкерлерді іздестіруде

Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізуде, деп хабарлады Елорда Ақпарат.
Астана қаласы 12 Қазан, 12:57

Хабарланғандай, шараға елорданың 40-қа жуық жұмыс берушісі қатысты. Мысалы, «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РҚК, Ұлттық музей, №1 қалалық емхана, «Элара-Астана»ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030»ЖШС және өзгелер.

Жұмыс берушілер 250-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады, олар: кіші ғылыми қызметкер, медбике, зертханашы,  жүргізуші-экспедитор, күзетші, өнер, мәдениет мамандары және басқалар. 





Яндекс.Метрика