Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада 2017 жылы 12 заңды тұлға жекешелендіруге жатады

Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы астаналық қазынаны 1 842 599 170 теңгеге толықтырды.
Астана қаласы12 Қазан , 11:14

Астана қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, оның 350,5 млн теңге - объектілерді жалға беруден, 1 074 млрд теңге – коммуналдық мүлікті жекешелендіруден, 191,6 млн теңге жер аукциондарын өткізуден түскен, 226 млн теңгесін мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша дивидендтер құрайды. 

«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Астана қаласы коммуналдық меншігінің 20 заңды тұлғасы бәсекелі ортаға берілетін болады. Оның ішінде 2017 жылы 12 заңды тұлға жекешелендіріледі», — делінген хабарламада.

Бүгінгі күні 3 кәсіпорын: «Көркем — құйма комбинаты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,  «Стоматология» ЖШС және «Арман» спорттық-сауықтыру лагері саудаға салынған, олардың бағаланған құны 40,6 млн теңгені, 591,3 млн теңгені және 179,1 млн теңгені құрайды. Олар кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру арқылы өткізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.




Яндекс.Метрика