Өңірлер

Жамбыл облысында медиация кабинеттеріне 570 азамат жүгінген

2017 жылдың 3 тоқсанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы 205 материал жарияланды. Оның 54-і республикалық, 89-ы облыстық және қалалық БАҚ-тарда басылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚХА Жамбыл облысы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева айтты.
Жамбыл 12 Қазан, 10:57

Оның айтуынша, 2016 жылдан бері медиация кабинеттеріне шиеленісті және даулы мәселелермен 570 азамат жүгінген.

Діни ахуалды тұрақтандыру жөніндегі 2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық желілік кестеге облыс ассамблеясы тарапынан 37 іс-шара енгізілген болатын. Бүгінгі күнге оның 24 өткізілді.       

Облыс көлемінде 13 медиация кабинеттері ашылып, онда 63 медиатор қоғамдық негізде жұмыс атқарады. Олар негізінен сот органдарында және қала мен аудан орталықтарында.

Олардың 481 жергілікті медиаторлардың араласуымен оңтайлы шешімдерін тапты (оның ішінде діни, немесе этносаралық сипаттағы мәселелер жоқ).

«Қайырымдылық керуені» акциясы тоқсан сайын ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері Ассамблеяның ұйытқы болуымен 2000 астам отбасына және 6800 балаға 62 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмектер берілді,- деп сөзін түйіндеді Маржан Төреғұлқызы





Яндекс.Метрика